Семей «сары» аймаққа кірді

Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы хабарлағандай, өткен аптада індет жұқтыру дерегі күрт артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын барынша сақтауға шақырады.

Еске салайық, Шығыс Қазақстандағы карантиндік шектеулер 18 қаңтарға дейін ұзартылды. Ал соңғы тәулікте өңірде 47 адамнан қауіпті вирус анықталған.