Шетелден ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

4 қаңтарда Қазақстан аумағына Мальдив Республикасы, Түркия, БАӘ, Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді.

815 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 653 адам, анықтамасыз 162 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 569 жолаушы, анықтамамен – 434, анықтамасыз - 135;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 100 жолаушы, анықтамамен – 79, анықтамасыз – 21;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы, анықтамамен – 140, анықтамасыз – 6.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 3 қаңтарда анықтамасыз келген 532 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 3 жолаушы Дубай – Алматы рейсімен, 2 жолаушы Мале – Алматы рейсімен, 1 жолаушы Стамбул – Алматы рейсімен келген.