425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БЖЗҚ сайтында алуға болатын қаржы автоматты түрде көрсетіледі

  • 470
  • UPD: 13:57, 05.01.2021
БЖЗҚ сайтында алуға болатын қаржы автоматты түрде көрсетіледі

Зейнетақы қорының сайтындағы салымшылардың жеке кабинетінде әр адам өз қаржысын қадағалай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге берілетін сома көрсетілген жаңа «терезе» пайда болды. Сондай-ақ жеке кабинетте өзіңіздің жеткіліктілік шегіңізді яғни шотта қанша қаражат қалуы тиіс екенін бақылауыңызға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен, зейнетақы қорындағы қаржыны пайдалануға болатындай, жағдай жасалуы тиіс деген еді. Қазір соңғы дайындықтар пысықталуда.

Хабар 24 телеарнасы