421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыста сары аяз бесінші күн сынбай тұр

  • 241
  • UPD: 15:18, 05.01.2021
Шығыста сары аяз бесінші күн сынбай тұр

Шығыс Қазақстан облысында аяз күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде сынап бағанасы 43 градусқа дейін төмендеп кетті. Сарышұнақ аяз бесінші күн қатарынан сынбай тұр. Күннің суығынан дизельді жанармаймен жүретін автобустар от алмай қалды. Оны такси жүргізушілері пайдаға жаратып, қызмет бағасын үш есеге дейін көтеріп жіберген. Бұл күндері полицейлер күні-түні кезекшілік етіп, жолда қалған адамдарға көмек көрсетумен болды. Жалпы жыл басынан бері 14 адамды үсік шалды.

Мейірбек Нұрекенов, қалалық ПБ ЖПҚ бөлімінің бастығы:

– Қалалық полиция басқармасының жеке құрамы күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Республикалық жолдарда 5 жүргізушіге көмек көрсетілді. Бәрі де аман-есен қалаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы