418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында далада қалған жүргізушілер құтқарылды

  • 75
  • UPD: 18:32, 05.01.2021
Алматы облысында далада қалған жүргізушілер құтқарылды

Алматы облысындағы «Үшарал – Достық» тас жолының 95-шақырымында 3 бірдей жүк көлігі далада қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар көлікті алып шыға алмағанымен, жүргізушілерді 15 сағат дегенде әупірімдеп құтқарды. Оларды қауіпсіз аумаққа алып шығуға облыстық төтенше жағдайлар қызметі мен «Қазақавтожол» мекемесінің 10 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылған.

Игорь Жуков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Жүргізушілер бұл қауіпті жол бөлігіне жол жабылғанға дейін кіріп кеткен. Жел секундына 30 метр жылдамдықпен ұйытқи соққандықтан, қардың қалыңдығы кей жерлерде 2 метрге дейін жетті. Сондықтан онда қарда жүруге арналған «Трекол» техникасын жөнелттік. Жүргізушілер дін аман. Олар дәрігерге көрінуден бас тартты.

Хабар 24 телеарнасы