БҚО-да киік мүйізін сатпақ болған фермер бүкіл малынан айырылды

Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалығының жетекшісі киік мүйізін сатамын деп бүкіл малынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фермер мемлекетке келтірген 16 млн теңге көлеміндегі шығынды өтеу үшін қорасындағы барлық сиыры мен жылқысын сатуға мәжбүр болды. Полиция департаментінің мәлімдеуінше, ол 6 дана киік мүйізімен ұсталып, былтыр сот шешімімен 2 жылға бас бостандығы шектелген. 31 жастағы ер адам шартты мерзімнің 8 айын өтеді. Кейін мемлекетке берешегі толықтай қайтарылғаны және осы аралықта тәртіп бұзбағаны ескеріліп, сот оны босату туралы үкім шығарды.

Азамат Ізтілеуов, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы:

- Ол деген біздің ҚР ҚК 72-бабымен қаралған. Сол Жәнібек ауданы сотымен қаралып, қанағаттандырылып, қазіргі таңда біздің пробация қызметінің есебінен шешілді. Залал төлеу кезінде қалтасына мықтап ауыр болып, болашақта заң шеңберін бұзбауға, сол пікірде отыр.