Қоғам белсенділері: Тарихты идеология тұрғысынан жеткізу керек

Президент өз мақаласында қоғамды мазалаған бірнеше мәселенің басын қайырды.

Оның ішінде жердің шетелдіктерге сатылмайтыны және жердің ата-бабадан қалған мұра екеніне тоқталып өтті. «Осы тұста тарихи мәселелерді идеология тұрғысынан көрсету керек», - дейді экологиялық альянс басшысы Азаматхан Әміртаев.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ болашақ» экологиялық альянс президенті:

- Тарихи мәселелерді идеологиялық жақтан қолдау көрсетіп, барынша халыққа жеткізуіміз керек. Сол арқылы біз рухымызды көтереміз. Ал рухы көтерілген халық ол әр уақытта жетістікке жетеді. Даму жолында болады. Осы бағытта мен қолдаймын Президенттің жазбасын.