420,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында суши сатқан кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • 110
  • UPD: 22:46, 05.01.2021
Атырау облысында суши сатқан кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысына қарасты Жылыой ауданында суши сатқан кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде жапон тағамына қосылатын шаян таяқшасы мен дәмдеуіштердің талапқа сай емес екені анықталды. Егер тағылған айып дәлелденсе, кәсіпкер екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл төлеуі мүмкін. Немесе екі жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы да ғажап емес.

Айта кетейік, Жылыой ауданында 50-ге жуық тұрғын тағамдық токсико диагнозымен дәрігерлерге шағымданған еді.

Айнагүл Сәрсенғалиева, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Суши тағамының құрамына қосылған краб таяқшасы мен соустардан алынған сынамалардың талдауы бойынша сәйкессіздік анықталды. Тағам дайындаған аспазшылардан стафилакокк ауруын қоздырғышы анықталды. Және алынған сүртінділерден шартты патоген хлорлары анықталды.

Хабар 24 телеарнасы