ШҚО-ның Күршім ауылында жабық жүзу бассейні ашылды

ШҚО-ның Күршім ауылында жабық жүзу бассейні ашылды

Соңғы бір жылда шығыста «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 50-ден астам жоба жүзеге асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен барлығы 8 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Нәтижесінде тірек ауылдарда жаңадан әлеуметтік нысандар салынып, білім, медицина мекемелері және жолдар жөнделді. Сондай нысандардың бірі Күршім ауылында пайдалануға берілді. Аудан орталығында жабық жүзу бассейні ашылды. Бес жолақты бассейннің ұзындығы 25, ені 8 метр. Жаңа нысанның игілігін халық карантиндік шектеулер аяқталған соң көре бастайды.

Нұрсовет Қайыров, Күршім ауылының тұрғыны:

- Спорттың ең бастамасы, қайнар бұлағы осы бассейн деп есептейміз. Өйткені суда жүзгенде балалардың, адамдардың тынысы ашылады, бұлшықеті жақсы жетіледі. Бассейнде жүзіп, балаларымыз спортта чемпион болсын.