Әсемгүл Балташева «Азаматтарға арналған үкімет» басшысы қызметінен кетті

Әсемгүл Балташева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы қызметінен кетті.

Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Достар! Бүгін мен «Азаматтарға арналған үкімет» төрайымы қызметінен өз еркіммен кеттім. Ақ пейіл көңілі мен жемісті жұмысы үшін ұжымыма зор алғыс білдіремін. Менің де алдымда үлкен мақсаттар бар, соларды орындауға тырысып, әлі де жақсы хабарлармен бөлісетін боламын. Отбасыларыңыз аман болсын, әрқайсысыларыңызға бақ-береке, табыс тілеймін, ауру-сырқаудан аман болыңыздар!» – деді ол.