420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тараз тұрғындары рейдерлік әрекеті үшін сотталды

  • 94
  • UPD: 11:20, 06.01.2021
Тараз тұрғындары рейдерлік әрекеті үшін сотталды SugdNEWS

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті екі азаматқа қатысты заңды тұлғаға заңсыз бақылау орнату (рейдерлік) фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді.

Тергеу барысында 2004-2011 жылдар аралығында барлығы үш кәсіпорын – «Тараз ИнКом» ЖШС, «Индустриальный ресурс» ЖШС, «ННП Convergo Nursad» ЖШС құрылып, олардағы үлес айыпталушылар (3 компаниядағы үлесі: 40%, 49%, 50%) және жәбірленуші тарап (3 компаниядағы үлесі: 20%, 51%, 50%) арасында тең емес бөліктерге бөлінгендігі анықталды.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018-2020 жылдары Тараз қаласында алдын ала сөз байласа отырып, екі сыбайлас жоғарыда аталған кәсіпорындар бойынша 100% қатысушылардың жалпы жиналысының ресми кворумын жариялай отырып, жалпы жиналыстардың хаттамаларын жасады, өздері жиналыстың төрағасы және хатшысы ретінде хаттамаға қол қойған. Бұл ретте зардап шеккен тараптың орнына да қол қойған.

Жалпы жиналыстың қорытындылары бойынша айыпталушылардың бірін шоттар ашу, банк карталарында және қаржылық құжаттарда, келісімшарттарда бірінші қол қою құқығымен, кәсіпорындардың банктік шоттарындағы қаражаттарды иеліктен шығару құқығымен серіктестіктердің директоры етіп тағайындау туралы шешімдер қабылданады, сондай-ақ әділет органдарына заңды мекенжайлар өзгертіледі.

Осылайша жәбірленуші тарап кәсіпорындардағы қатысушының үлесінен айырылды.

Тараз қаласының №2 сотының өкімімен ҚР ҚК 249-бабы, 2-бөлігі, 1-2-тармағына сәйкес айыпталушы Р.А.Нұрбаев және Б.Беков шартты түрде үш жылға сотталды.

Хабар 24 телеарнасы