Атырау облысы «қызыл аймаққа» өтті

Соңғы тәулікте 101 жаңа дерек тіркелген Атырау өңірі қайтадан «қызыл аймақ» санатына өтті.

Өңірде эпидемилогиялық ахуал ушығып барады. Сонымен қатар «сары аймақта» әлі Алматы мен Нұр-Сұлтан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Павлодар тұр. Өзге өңірлер «жасыл аймақта».