Қазақстанда жаңа заң күшіне енді

Өткен жылдың соңғы күні, яғни 31 желтоқсанда елімізде қылмыстық процесте азаматтардың құқығын қорғауды көздейтін заң күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – үш буынды модельдің алғашқы қадамы. Бүгін Алматыда Сенат депутаттары жаңа заң нормаларының электронды жүйедегі орындалу барысымен танысты. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының тасырмасы бойынша жүзеге асқан бұл заңның артықшылықтары өте көп дейді. Біріншіден, уақытты үнемдейді, екіншіден, ашықтықты қамтамасыз етеді, үшіншіден, азаматтардың қылмыстық процесс шеңберіне негізсіз тартылуын болдырмайды. Ендігі жерде азаматтардың тағдыры бір ғана тергеушінің қолында емес, барлық құқық қорғау органның назарында болады. Жаңа заң судьяның бейтарап, екі жақтың да құқығын тең қорғай отырып, жұмыс істеуіне әсер етеді. Осылайша еліміз үш буынды қылмыстық модельге біртіндеп көшуді жоспарлап отыр.

Марат Ахметжанов, ҚР бас прокурорының орынбасары:

– Биыл 2021 жылы тағы да бір заң жобасы қарастырылып жатыр. Ол жерде үш буынды модельге көшу бар. Бір жыл дайын болуымыз керек. Заң дайындауымыз керек. Оның ерекшелігі құқық қорғау органдары қылмыс қудалау органдары жинайды. Ал шешімді прокурордың өзі қабылдайды. Өзі тікелей жауапты болады. Бір орган жинайды. Екінші орган соны саралап заңдылығын қарап қабылдайды. Үшінші орган сот оған баға береді. Үш буынды модель дегеніміз осы.

Сондай-ақ...