Шымкентте карантин және шектеу талаптары жеңілдетілді

11 қаңтардан бастап, шаһардағы барлық автовокзал мен автобекет қалыпты жағдайдағы жұмыс кестесіне көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлық қалааралық автобустардың қатынауына рұқсат етілді. Дегенмен қоғамдық көлікте жолаушы саны 15 адамнан аспауы қажет. Үшінші тоқсанда 300 оқушыға дейін білім беретін мектептер дәстүрлі оқу жүйесіне қайта оралады. Қалған білім ұялары кезекшілік сыныптар арқылы және қашықтан оқыту арқылы жұмысын жалғастырады. 9,11,12 сынып оқушылары мектепке барып оқиды. Олар білімнің 70% мектептен алса, қалғанын қашықтан онлайнда жалғастырады. Жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарындағы 1 курс студенттері де қалыпты жағдайда оқиды. Жалпы Шымкентте карантин 11 қаңтардан 25 қаңтарға дейін ұзартылды.

Болат Парманов, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД бөлім басшысы:

- Облысаралық, қалааралық автобустардың жүруіне рұқсат беріліп отыр. 300 адамға арналған мектептердің де жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Колледждің және жоғары оқу орындарының студенттері қалыпты тәртіппен оқуға оралады.