419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында COVID-19 шалдыққандардың көбі Теңіз кенішінде тіркелген

  • 156
  • UPD: 19:49, 06.01.2021
Атырау облысында COVID-19 шалдыққандардың көбі Теңіз кенішінде тіркелген

Кеше «сары аймаққа» кірген Атырау облысы бүгін қайтадан «қызыл аймаққа» өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнайлы өңірдегі эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітер емес. Қауіпті індетке шалдыққандардың көбі Теңіз кенішінде тіркелді. Облыста соңғы тәулікте 101 адам ауру жұқтырғаны анықталды. Оның 9-ы – шаһар тұрғыны. Құрманғазы ауданынан 12, Жылыой ауданынан 2 адамның коронавирус инфекциясына шалдыққаны белгілі болды. Теңіз кенішіндегі 78 жұмысшы да індет жұқтырған. Олардың көбі арнайы скринингтен өту барысында анықталды. Қазір ондағы инфекциялық стационарда ем қабылдап жатқандардың саны 900-ге жуықтаған.

Гүлнәр Ербатырова, облыстың бас санитар дәрігерінің орынбасары:

– Жалпы «қызыл аймаққа» ауысып кетуіміз, бұл Теңіз кен орнында тіркелген аурушаңдықтың есебінен болып отыр. Сол жерде мониторингтік топ бар. Күні-түні олар жұмыс жасауда. Тіркеліп жатқан науқастырдың көбі симптомсыз. Скринингтен өту кезінде анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы