Шымкентте үш мектеп карантинге жабылды

Бұл білім беру ұйымдарының оқушыларынан желтоқсан айының соңында COVID-19 инфекциясы анықталған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан білім ордасындағы барлық шәкірттер қашықтан оқуға көшкен. Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді. Санитар дәрігерлермен қабылданған шаралар індеттің жаппай тарауына жол бермеді. Балалар мен мұғалімдер толығымен тексерілді. Енді олар қайтадан ПТР тесттерін тапсырады. Қалада оқу жылы басталғалы оқушылар арасында коронавирус инфекциясының 25 жағдайы тіркелген.

Роза Аханова, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд бөлім басшысы:

– Індетпен ауырғандардың дені үйдегі ошақтан жұқтырғандар санатында. Яғни олар мектепте емес, індетті үйден тапқан. Мәселен, ата-анасы, ата-апасы ауырғандығы эпидемиологиялық тексеріс барысында белгілі болды. Олардың барлығы симптомсыз болғандықтан ауруханада емес, үйінде ем алуға қалдырдық.