Биыл Рождество мерекесі қалай атап өтіледі?

Бүгін түңгі 12-ден бастап діни жоралғылар басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

7 қаңтар – православ сеніміндегі христиандар үшін қасиетті Рождество мерекесі. Пандемияға байланысты елордадағы діни ғибадатханаларда санитарлық талаптар сақталуы қажет. Яғни шіркеуде 30 процент сыйымдылықпен ғана құлшылық жасауға болады. Қаладағы шіркеулерде арнайы мониторингтік топ кезекшілік жұмыстарын жүргізеді.

Нұрдәулет Әлмаханов, Нұр-Сұлтан қаласының дін істер жөніндегі басқармасының басшысы:

– Діни мереке барысында Нұр-Сұлтан қаласының 3 храмында санитарлық нормалар сақталған. Бүгінгі кештен діни іс-шара біткенше мониторинг жасайды. Діни іс-шаралар барсында заң бұзушылық болған жағдайда департаментпен аудан әкімдіктерімен бірге түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Діни ғимаратқа кіргенде иконаларды сүюге тыйым салынады. Себебі санитарлық нормалар сақталу қажет.

Елордадағы шіркеулерде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін санитайзерлер мен арнайы белгілер орнатылған. Дін қызметшісінің айтуынша, «Православие в Астане» инстаграм парақшасында ғибадат ету рәсімі тікелей эфирде өтеді.

Архимандрит Сергий, дін қызметшісі:

– Елорданың шіркеулері Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы қазақстандық және Астаналық митрополит Александрдан барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды мүлтіксіз, қатаң сақтау туралы қатаң нұсқама алды. Құлшылық жасау барысында санитарлық талаптарды сақтауды өтінеміз.

Сондай-ақ...