Бір отбасын өрттен аман алып қалған полиция қызметкерлері марапатталды

Аға лейтенант Ерлан Қатаев пен оның серігі Асан Балтабаевқа «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі берілді.

Марапаттау рәсіміне өрттен, аман қалған отбасы мүшелері де қатысты. Олар тілсіз жаудан қаймықпай, өз өмірлерін қатерге тіккен ержүрек сақшыларға, ризашылықтарын білдірді.