419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайлық экологтар қала аумағында ауаның ластанғанын анықтады

  • 91
Қостанайлық экологтар қала аумағында ауаның ластанғанын анықтады

Әсіресе облыс орталығының күре жолында зиянды заттардың мөлшері шектен тыс жоғары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атмосфералық ауаның құрамында азот пен күкірт тотығының басым екенін сараптама қорытындысы көрсеткен. Алайда экология департаментінің мамандары әзірге алаңдауға негіз жоқ дейді. Ауа құрамындағы бұл өзгерістің адам денсаулығына зардабы шамалы екенін айтады. Қостанайда атмосфераның ластануына негізінен ірі өнеркәсіп орындары мен автолкөліктерден бөлінетін улы газдар себеп. Ауа райының да өз әсері бар. Жел болмағандықтан зиянды заттар қала аумағында қала береді.

Айгүл Әбілтаева, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

– Белгіленген жоспарға сай тоқсан сайын ішкі мониторинг өлшемін жүргізіп отырамыз. Соның нәтижесі бойынша, тиісті ұсынымдар береміз. Келесі кезекте Рудный, Жітіқара, Арқалық, Лисаков қалаларында атмосфералық ауа құрамын зерттеуді жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы