Зейнетақы аударымдарына арналған шот бұғатталмайды

«Отбасы банкіндегі» зейнетақы аударымдарына арналған шот бұғатталмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы банк директоры Ләззат Ибрагимова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Тиісті нормативтік-құқықтық актілерге қол қойылған жағдайда зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алу бойынша өтініш қабылдайтын онлайн-платформа 8 қаңтарда іске қосылуы керек. Ләззат Ибрагимова азаматтарды барынша мұқият болуға шақырды. Шешіп алуға болатын соманы асықпай есептеп алу керек. Өтініш қабылдау мерзімі шектелмеген.