Православ христиандары Рождество мерекесін атап өтуде

Қаңтардың 6-ынан 7-сіне қараған түні әлемдегі барлық православ христиандары Рождество мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

2005 жылдан бері ҚР Еңбек кодексіне сәйкес православ Рождествосы елімізде демалыс күні болып жарияланды. Біздің елімізде адамды мейірімділікке шақыратын, сүйіспеншілік пен рақымшылыққа баулитын барлық діндерге бірдей құрметпен қарайды. Сондықтан Рождество мен Құрбан айт мерекесі бізде демалыс күндері болып табылады. Рождество Иисус Христостың туған күні, ол басты христиандық мерекелердің бірі болып табылады.