Елімізде КВИ белгілері бар пневмониядан алты адам көз жұмды

7 қаңтардағы мәлімет бойынша 22 918 адам короновирус инфекциясынан (10 681 КВИ+ және 12 020 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 208 пациент стационарда, 17 710 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 286 адамның жағдайы ауыр;
  • 51 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек.

2021 жылғы 5 қаңтардағы мәлімет бойынша 94 жағдай тіркеліп, 6 жағдай өліммен аяқталған. 177 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 46 114, өлім жағдайлары - 519, барлығы 33 575 адам сауығып шықты.