Биыл Қарағанды облысында 3000 бейнекамера қойылады

Биыл Қарағанды облысында «Қауіпсіз қала» жобасы аясында 3 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш кезеңнен тұратын бағдарлама жыл соңына дейін толық аяқталады. Камералардың басым бөлігі облыс бойынша криминогендік ахуал күрделі аудандар мен қалаларға қойылмақ. Ал 100 шақты камера жол ережесі мен жылдамдықты қадағалайды. Қазір Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Саран қалаларында және Осакаров кентінде осы орайда конкурс жарияланған. Наурыз айына дейін аталған бақылау камералардың 1 мыңға жуығы тестік режимде жұмыс істей бастайды.

Рустам Байжанов, облыстық ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы:

- Олар көліктің мемлекеттік нөмірін тани алады. Тағы 100 камера жылдамдық өлшеп, басқа да жол ережесін бұзғанды анықтайтын болады. Қалғандары стационарлық камералар мен жылжымалы кешендер. Барлығы бір ортақ базаға біріктіріледі. Бейнежазбалар қажетті мемлекеттік органдар мен құқық қорғаушыларға қол жетімді болады.