Қызылордада бес жасар қызға коронавирус жұқты

Қызылорда облысында бес жасар бала коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Соңғы тәулікте өңірде 7 адамның қауіпті індетті жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы Қызылорда қаласында тұрады.

«Бес жастағы қыз бала қауіпті індетті үй жағдайындағы қарым-қатынаста жұқтырғаны белгілі болды. Бүгін 4 адам осындай жолмен аталған ауруға шалдыққан», - деді Қызылорда облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Бүгінгі күнге дейін облыста 3425 адамнан коронавирус нақтыланған. Оның ішінде 1870-інде ауру симптомдары бар, қалғаны симптомсыз. Науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі балалардың саны - 213.