Елордаға Египеттен келген ұшақ жолаушысынан коронавирус анықталды

7 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Нидерланд, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ және Өзбекстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді.

1904 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 629 адам, анықтамасы жоқ 275 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 090 жолаушы, анықтамамен – 923, анықтамасыз – 167;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 644 жолаушы, анықтамамен – 536; анықтамасыз – 108;

Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 9 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 88 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 73 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

6 қаңтарда анықтамасыз келген 299 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды.