ШҚО-дағы шалғай ауылдарға ауызсу құбыры тартылды

Шығыстағы шалғай ауылдар «Ақ бұлақ» бағдарламасының шапағатын көруде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарбағатай ауданындағы Ақмектеп ауылы ауыз су тасудың азабынан құтылды. Орталық құбыр тартылып, әрбір үйге жеткізілді. Былтырдан бері аймақтағы елді мекендерді ауыз сумен қамту мақсатында жалпы құны 70 миллиард теңгеден асатын 152 жоба қолға алынған. Бүгінге дейін олардың 87-сі ойдағыдай іске асты. 51 ауылда блокты-модульдік станция орнатылады. Жалпы 2015 жылдан бастап, өңірде су құбырын тарту және тиісті инфрақұрылымды жөндеуге бөлінетін қаржы мөлшері 9 есеге көбейген. Нәтижесінде облыс тұрғындарының орталықтандырылған су жүйесімен қамтылу көрсеткіші 90 проценттен асты.

Арайлым Сүлейменова, Ақмектеп ауылының тұрғыны:

– «Ақ бұлақ» бағдарламасымен біздің ауылға су кіріп, бүгінде өте қуанышты болып жатырмыз. Бұрын суды даладан тасып ішетінбіз. Қазір суымыз үйімізге кіріп, қаланың жағдайымен теңесіп тұр.

Сондай-ақ...