Атырауда көлігімен ит сүйреген жүргізуші ұсталды

Атырауда итке жауыздық қылатындар азаймай отыр.

Күні кеше қаланың орталық көшелерінің бірінде көлігімен итті сүйреген азаматтың өрескел іс-әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Желіде тараған бейнежазбадан оның қасақана қастық қылғанын анық көруге болады. Көп ұзамай тәртіп сақшылары 1964 жылғы қала тұрғынын тапты.

Руслан Садиров, қалалық полиция басқармасының бастығы:

– Аталған факті бойынша жүргізуші, Атырау қаласының тұрғыны анықталып ұсталды. ҚР ҚК-нің 316 бабы бойынша, яғни жануарларға қатігездік жасау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.