Қазақстандықтарға 42 500 теңге туралы SMS келген – министрлік хабарламаға түсінік берді

Қазақстандықтарға 42 500 теңге қайта берілетіні туралы SMS келген.

Хабарламалар туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдері жағдайға түсінік берді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Түнде жүйелерді жаңарту бойынша әдеттегі жұмыстар жүргізілген, содан төлемдерді тағайындау туралы ескі хабарлама жіберіліп кеткен. Ол байланыс операторларының 400 мың абонентіне жіберілді. Жағдай адам қателігінен болып отыр. Ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет», - деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Анар Мағзұмова.

Сондай-ақ...