429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада 76 тұрғын үй салынады

  • 250
  • UPD: 14:50, 08.01.2021
Қызылордада 76 тұрғын үй салынады

Биыл Қызылорда облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 10,5 млрд теңге бөлінді.

Қомақты қаржыға 1572 пәтерлік 76 тұрғын үй тұрғызылатын болады, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Қазіргі таңда 487 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Оның 211-і Қызылорда қаласында, қалғаны аудандарда орналасқан.

Халықтың әлеуметтік осал топтары мен аз қамтылған отбасыларға арналған 342 пәтер сатып алуға бюджеттен 2,9 млрд теңге бөлінді. Баспананың 192-сі қала, қалғаны аудан тұрғындарына беріледі.

Жалға берілетін 1020 пәтерді құрайтын 95 тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарлануда. Мәселен, Шиеліде 72 пәтерлі 4 тұрғын үй, Байқоңыр қаласында 250 пәтерлі 5 үй, Сырдария ауданында бір пәтерлі 33 үй, Қызылорда қаласында 590 пәтерлі 12 тұрғын үй.

Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 75 пәтерлі 41 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Кредиттік тұрғын үйлер бойынша барлығы 665 пәтерді құрайтын 38, жеке қаражат есебінен 220 пәтерді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы салынады. Жалпы облыста биыл 644,7 мың шаршы метр көлемінде тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы