Елордадағы сайлау учаскелерінде бес адамнан коронавирус анықталды

Елордада сайлау комиссияларының бес мүшесінен коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

5-8 қаңтар аралығында 283 учаскедегі қызметкерлер мен байқаушылардан ПТР-тест алынды. Қазіргі уақытта 5386 адам тексерілді. Бұл туралы әкімдіктің сайтында жарияланды. Қазіргі уақытта сайлау процесінің қатысушылары үшін жеке қорғаныс құралдары қарастырылған. Комиссия мүшелері арнайы экранмен қорғалады. Дауыс беру залында әр үш сағат сайын зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.