Оралда модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілді

Оралда 200 орынға есептелген облыстық модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Медициналық нысан қаланың экологиялық таза аумағы саналатын «Жұлдыз» шағынауданында орналасқан. Жалпы алаңы 6800 шаршы метр. Құрылысына 7,2 миллиард теңге жұмсалған аурухана соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Бір қабатты ғимарат 8 бөліктен тұрады. Жансақтау бөлімінде 20 кереует бар. 140 орындық облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ғимараты өткен ғасырдың 60-жылдары салынған еді. Былтыр жағдай ушыққан кезде науқастарға орын жетпеді. Қажетті құрал-жабдықтар мен медицина қызметкерлерінің тапшылығы байқалды. Коронавирус 4 дәрігердің өмірін жалмап, 500-ге жуық медицина қызметкері қатерлі індетке шалдықты.

«Ал, барлық керек-жарағымен толықтай қамтылған жаңа емдеу нысанында науқастарды жедел сауықтыруға мүмкіндік мол», - дейді сала мамандары.

Надия Ахметова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры:

- Науқастарға сапалы қызмет көрсетуге жағдай бар. Оның ішінде 255 миллион теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, соған лаборатория және тағы да басқа жабдықтар алынып, барлық жағдай туылды. Өтінім жасап қойдық, ПТР-лабораториямызды ертең қамтамасыз етеді. Сондықтан біздің науқастарымыз анализдерін осы жерден тапсырып, осы жерден шығып кететін жағдай туғызады.

Сондай-ақ...