Сайлау күні сақтықты естен шығармау керек – санитар дәрігерлер

Ақтөбелік санитар дәрігерлер сайлау күні аймақ тұрғындарына мейлінше сақ болуды ескертті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіркелген учаскесіне барып дауыс берерде тиісті талапты ұмытпау керек. Егер адам өзін жайсыз сезініп, жөтел, қызу байқалса, онда үйден таңдау жасау мүмкіндігін пайдалану қажеттігі айтылды. 10 қаңтарда өңірде 517 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Барлығы да антисептик, санитайзер және өзге де дезинфекциялық құралдармен қамтылады. Учаске мүшелері медициналық бетперде тағып, қолғап киеді. Індетке қарсы қолданылатын мұндай құралдарды алу үшін республикалық бюджеттен 11 млн теңге бөлінген. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Дегенмен, санитарлық талапқа салғырт қарайтын жеке және заңды тұлғалар да кездеседі.

Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- «Жасыл» аймақтамыз. Бірақ бұл жағдай өзіміздің арамызда шектеу шараларын дұрыс орындамасақ, өзгеріп кетуі мүмкін бір күннің ішінде. Сондықтан тағы да айтатыным, шектеу шаралары қазіргі таңда бізде орташа деп есептеуге болады. Ал, енді қатаң шара қолдану үшін біз эпидемиологиялық жағдайға қараймыз