ШҚО-да абақтыда отырғандар да дауыс береді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша уақытша ұстау абақтысында отырған 400 адам алдағы сайлау науқанына қатыса алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сотқа дейінгі тергеудегі азаматтардың Ата заңға сәйкес дауыс беру құқықтары бар. Бұл туралы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Жанболат Қалетаев мәлімдеді. Қазір олар дауыс беретін учаскелерде санитарлық және қауіпсіздік талаптары күшейтіліп жатыр. Істі болып жатқан тұрғындардың әрқайсысы жеке-жеке таңдау жасайды.

Қанат Жүсіпов, тергеу абақтысының жетекшісі:

- Тергеуде жатқан азаматтардың әрқайсысына сайлауға қатысып жатқан партиялар туралы үгіт-насихат парақтары берілді. Яғни олар саяси ұйымдардың бағдарламаларымен жан-жақты танысуға мүмкіндік бар. Қазір 400 қалам, қолғаптар мен бетперделер дайын тұр.