420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да жолда қалғандарға көмек көрсетілді

  • 114
  • UPD: 22:20, 08.01.2021

Солтүстік Қазақстан облысында қатты аязға байланысты патрульдік полиция қызметкерлері дамыл таппайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары күні-түні тас жолдарда кезекшілік етіп, сынып қалған жүргізушілерге көмек көрсетеді. Жолаушыларды құтқарды.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Мына бір «Камаздың» жүргізушісі аязда көпірге көтеріле алмай, жанар-жағармайы бітіп қалған. Көмекке полиция қызметкерлері келіп, жүк көлігі от алды.

Ал, мына жеңіл көлікте 4 бала болған. Біреуі құндақтағы сәби. Әйтеуір жол сақшылары келіп үлгерді.

Бұл полицейлер үшін үйреншікті жағдай. Аязды күндері сынып қалған жүргізушілер өте көп. Сондықтан тас жолдарда тәулігіне 15 патрульдік көлік кезекшілік етеді.

Николай Фоменко, облыстық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының инспекторы:

- Мейлі полицей бол, басқа бол жолда тұрған көлік көрсеңіз, тоқтаңыздар. Әсіресе, суық күндері. Мүмкін оның ішінде кішкентай балалар бар шығар. Сондықтан біз бір-бірімізге әрдайым көмектесуіміз керек.

Полицейлер тағы да ескертеді: күннің суығында жолға шықпаңыздар. Синоптиктердің айтуынша, қаңтар айы суық болады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы