Теңіз кенішінде 59 адам коронавирусқа шалдыққан

Қауіпті вирустың қыспағында делінген Атырау облысы «қызыл аймақтан» шығып, енді «сары аймаққа» өтті.

Қазір мұнайлы өңірдегі эпидемиологиялық ахуал құбылып тұр. Күніне жүздеген адамнан коронавирус жұқтырғаны анықталыпхабарлануда. Енді Теңіз кенішінің жұмысшыларынан Ковид-19 көптеп табылуда. Мысалы, соңғы тәулікте облыс бойынша 107 адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Оның 27-сі мұнайлы шаһардан анықталса, 59 науқас Теңіз кенішінде тіркелген. Қалғаны аудандағы тұрғындар арасынан шығып отыр. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 80-90 процентінде ауру симптомсыз түрде өтіп жатыр. Індетке шалдыққандардың Теңіз кенішінен көп шығуы арнайы скринингтен өткізілгеннің нәтижесі дейді мамандар.

Гүлнәр Ербатырова, облыстың бас санитар дәрігерінің орынбасары:

- Профилактикалық мақсатта скрининг жүргізіледі. Жұмысқа келушілерді бірінші тексеріп, оларды оқшаулап 7 күнге, содан кейін барып жұмыс орнына кіргізіледі. Үйіне барар кезде де ауруды алдын алу мақсатында тексеріледі. Шығар кезінде 5 күн оқшауланып, олардан ПТР әдісімен тексеріс жүргізіледі. Сол кезде анықталып отыр. Оң нәтиже шыққан науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың арасында көптеп тіркеліп отыр.