АҚШ ХҚДК бас атқарушы директоры «Хабар 24» арнасына эксклюзивті сұхбат берді

Арнамыздың тілшісі Бақыт Топтаева АҚШ-тың Халықаралық қаржылық даму корпорациясының бас атқарушы директоры Адам Болермен сұхбаттасты.

Екеуара әңгімеде Қазақстан мен Американың бірлескен жаңа инвестициялық жобалары туралы сөз болды. Жалпы Орталық Азиямен әріптестік турасында әңгіме қозғалып, Орталық Азияда инвестициялық әріптестік құрылғаны туралы айтылды. Сол жобаға бес жыл ішінде 1 млрд доллар құйылмақ.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Хабар 24» телеарнасынан бүгін кешкі сағат 19:20-да көре аласыздар.

Адам Болер, АҚШ Халықаралық қаржылық даму корпорациясының бас атқарушы директоры:

- Айта кетерлік бірнеше мәселе бар. Біріншіден, әр тарап 500 миллион доллар құйды. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан және осы аумақты дамытуға бөлінген қаржы. Ең маңыздысы осы. Құрама Штаттар Қазақстанмен шекаралас елдерге қолдау білдіріп отыр. Неге қазір деп сұрадыңыз. Күллі әлемді пандемия жайлаған кезеңдеміз. Бұл сөз жоқ, барлығына ауыр тиді. Әсіресе шағын бизнеске, кәсіпкерлер қатты қиналды. Бөлінген қаржы Қазақстан халқын қолдауға жұмсалмақ. Сол себепті де қазір қолға алынып отыр. Сол себепті де бұл өте маңызды іс.