ШҚО-да дауыс беру барысын бір мыңға жуық байқаушы қадағалап отыр

Бүгін еліміздің шығысында 932 907 сайлаушы өз таңдауын жасайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық сайлау комиссиясы бұл саяси науқанға тыңғылықты дайындалды. Әрине, басты басымдық – санитарлық талаптардың сақталуы мен учаскелердің техникалық тұрғыда жабдықталуы.

Сайлау учаскесінің мүшелірі мен байқаушылар және сол жердегі техникалық қызметкердің барлығы ПТР тестіден өтті. Әр екі сағат сайын дезинфекция жасалу жағы да қарастырылған. Сайлаудың қалай басталғанын жеткізу үшін аймақтардан бізге бірінші болып шығыстағы арна тілшісі Олжас Керейхан тікелей байланысқа қосылды.

Диктор:

- Олжас, сайлаудың өту барсын бақылау үшін өңірде қанша байқаушы тіркелген? Олармен осыған дейін пікірлесе алдыңыз ба?

Олжас Керейхан, тілші:

- Иә шығыста 1 миллионға жуық сайлаушы  тіркелген. Бүгін олар өз таңдауын жасау үшін аймақта 1039 сайлау учаскесі дайындалды. Дауыс беру учаскелері ресми ашылған соң сайлаушылар өз тіркеген мекенжайлары бойынша біртіндеп келіп таңдауларын жасап жатыр. Әрбір сайлаушы келген бойда дене темрпратурасы өлшенеді. Одан соң бірден дауыс беруге өтеді. Бүгінгі саяси науқанды өткізу барысы, ұйымдастыру мәселесі туралы ШҚО сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жанар Алхановадан сұраған едік. Енді сол кісінің қысқаша пікірін тыңдап алайық.

Жанар Алханова, ШҚО сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Барлығы облыс бойынша 932 907 сайлаушы бар. Және де өздерінің денсаулықтарына байланысты сайлау учаскесіне келіп дауыс бере алмайтындарға арналған 2078 жылжымалы урналар дайындалған. Және сайлау комиссиясның мүшелері дауыс беру кезінде арнайы медициналық кастюмдермен қамтамасыз етілген.

Олжас Керейхан, тілші:

- Сондай-ақ іссапардағы әскери қызметкерлер мен кейбір жабық мекемедегі жұмысшылар да өз таңдауын жасау үшін 64 сайлау учаскесі дайындалды.

Диктор:

- Олжас сайлаудың өту барсын бақылау үшін өңірде қанша байқаушы тіркелген? Олармен осыған дейін пікірлесе алдыңыз ба?

Олжас Керейхан, тілші:

- Иә, саяси науқанды бақылау үшін шығысқа шетелден 8 байқаушы келді. Олардың екеуі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан болса, алтауы ТМД елдерінің байқаушылар миссияның өкілдері. Ал жалпы аймақта құрылған 1039 сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысын бір мыңға жуық байқаушы қадағалап отыр.