420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Комиссия мүшелері сайлаушыларға баламен келмеуге кеңес береді

  • 103
  • UPD: 10:58, 10.01.2021

Елордада Мәжіліс және мәслихат сайлауы жалғасып жатыр.

«Хабар 24» түсірілім тобы дауыс беру орындарын аралап, санитарлық жағдай мен басқа да мән-жайларды анықтап жүр. Жалпы саяси дода пандемияға қарамастан, дәстүрлі форматта өтіп жатыр. Ендеше дәл қазір бізбен тікелей байланысқа шыққан арна тілшісі Рауан Мыңбаевтан жағдайды сұрап білсек.

Диктор:

- Рауан, сайлау науқаны қалай өтіп жатыр? Дауыс беруші азаматтар қандай жайтқа мән беруі тиіс?

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Сайлау учаскелерінің ашылғанына 2 сағаттан асты. Бүгін бас қалада 300-ге жуық бөлімше жұмыс істеп тұр. Әрқайсысына бірнеше мыңдаған тұрғын тіркелген. Дауыс беру орны сайлаушылардың қауіпсіздігі үшін лайықты етіп жасалған. Бастысы, жұртшылық маска тағып жүр. Сайлаушылар өзінің қай учаскеге тіркелгенін қала әкімдігінің ресми сайтына кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы біле алады. Комиссия мүшелері сайлаушыларға баламен келмеуге кеңес береді. Қауіпсіздік бойынша осы талапқа бағынған жөн. Егер сол бас санитарлық дәрігердің қаулысына зер салсақ, онда сайлау учаскелерінде коронавирустың таралуына қарсы шаралар нақты белгіленген. Мамандар ойлап тапқан арнайы алгоритм де бар. Сол бойынша сайлау учаскесіне келіп, дұрыс дауыс беру жолдарын білуге болады. Айта кетейін, таңсәріден адамдар келді. Арасында қарапайым кәсіпорын еңбеккерлері де бар. Солардың бірі учаскеге алғаш болып өз таңдауын жасағаны үшін шағын сыйлыққа да ие болды.

Әміржан Оспанов, қала тұрғыны:

- Болашақ үшін сол енді. Менің ойымша, өте маңызды оқиға. Біздің құқығымыз.

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Ал оқшаулау режимінде, яғни, коронавирус қаупіне байланысты ем қабылдап жүрген азаматтарға келсек, олар өз үйінде дауыс береді. Айта кетейік, әр учаскеге журналистер еркін кіріп-шығуға құқылы. Байқаушылар сайлаудың әділ өтуін бақылап отыр. Елорда коронавирустың таралу қаупі бойынша «сары» аймаққа енгендіктен, сайлау комиссиясындағы барлық маман ПТР-сараптамадан өткен. Нәтиже теріс болса, сайлау учаскесіне жіберіледі. Еске салайын, дауыс беру процесі жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Сосын дауысты санау процесі жүреді. Ол шамамен 1 аптаға жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы