Сайлаудағы батысқазақстандықтардың белсенділігі қалай болып жатыр?

БҚО-дағы барлық 505 сайлау учаскесі есігін айқара ашып, сайлаушылар өз таңдауын жасап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығында 123 сайлау учаскесі бар. Осы өңірдегі арна тілшісі Талғат Серікқалиұлы Островский атындағы драма театрында бізбен тікелей байланысқа шығып, сайлау барысын баяндап бермек.

Диктор:

- Талғат, сайлаудағы батысқазақстандықтардың белсенділігі қалай болып жатыр? Өз таңдауын жасауға асыққандардың қарасы көп пе?

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

- БҚО-да 451 мың  тұрғын осынау аламанда өз таңдауын жасау құқығына ие. Заңда белгіленген уақытта сайлау учаскесі ашылып, дауыс беру басталды. Біз тұрған мына Островский атындағы драма театрында сайлаушы дауыс бере алады. Сайлау барысында барлық санитарлық талаптар сақтай отырып өтіп жатқанына куә болып тұрмыз.

Нұрлан Бекқайыр, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Айта кету керек, өңірдегі сайлаудың өту барысын бақылауға ТМД елдерінен 12 байқаушы келген. 4 партиядан облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға 453 кандидат тіркелген. Сонымен қатар бұл жолғы сайлауда алғаш рет кандидаттардың тең жарымы әйелдер мен жастар екенін де атап өткен жөн.