Сайлау процесіне қатысушыларға қойылатын санитарлық талаптар қандай?

Дауыс беру учаскелерінде әлеуметтік арақашықтық сақталып, кірген адамдадардың дене қызуы өлшенуі тиіс.

Ал дене қызуы көтерілген азаматтарды оқшаулауға арналған арнайы ғимарат болуы шарт. Бұл туралы елеміздің Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов айтты. Сайлау процесіне қатысушыларға тағы қандай талаптар қойылады? Осы сауалдарға Ғазиза Мұхамеджанова жауап іздеп көрді. 

Бас санитар дәрігердің айтуынша, сайлау комиссиясының мүшелері әр үш сағат сайын маскаларын ауыстырып отыруы керек. Одан қалды сайлау кабиналары жиі залалсыздандырып отыруы керек. Дауыс берушілер жеке басын куәландыратын құжаттарды комиссия мүшесінің қолына бермеуі қажет.