421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлау учаскесіндегі заң бұзушылықтар туралы видео Қазақстанда түсірілмеген – stopfake

  • 103
  • UPD: 11:36, 10.01.2021
Сайлау учаскесіндегі заң бұзушылықтар туралы видео Қазақстанда түсірілмеген – stopfake

Facebook-те сайлау учаскесінде бақылау камерасына түсірілген бейнежазба жарияланды.

Онда бюллетеньдерді дауыс беру жәшігіне салу барысы көрсетілген. Пост авторының айтуынша, бұл Қазақстанда болған жағдай. Шын мәнінде, бұл ескі видео және өткен жылдың шілде айында Мәскеуде түсірілген, деп хабарлады stopfake.kz.

Видеоның түпнұсқасын Twitter-ден көруге болады. Ол 2 шілдеде Ресейде Конституцияға өзгертулер енгізу жөніндегі сайлаудан кейінгі күні жарияланған.

«Кейіннен мәскеулік Раменки ауданындағы осы сайлау учаскесінде дауыстарды санау тоқтатылды, бұл туралы Мәскеу қалалық сайлау комиссиясы өзінің Telegram каналында хабарлады. Демек, видеода көрсетілген бұзушылықтар Қазақстанда болған деген ақпарат – фейк. Бұл жазбаның қазақстандық сайлауға ешқандай қатысы жоқ», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы