Сайлауда қай облыс тұрғындары белсенділік танытып жатыр?

Ел бойынша сайлаушылардың 11,6%-і өз таңдауын жасап үлгерді. Орталық сайлау комиссиясы осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары белсенділік танытып отыр. Ондағы сайлаушылардың 15%-ке жуығы дауыс берген. БҚО мен Жамбыл облысында 12 проценттен асады. Төмен көрсеткіш Маңғыстауда. Мұнда небәрі 8,7%. Дауыс беру процесіне қатысты соңғы дерек енді бір сағаттан кейін жарияланады.