Ауырып қалған адамдар өз таңдауын қалай жасайды?

Солтүстік Қазақстан облысында 650 сайлау учаскесі ашылды.

Дауыс беру орындарына санитарлық талаптар қатаң бақылауда. Ал ауырып қалған адамдар өз таңдауын қалай жасайды?

Айдарбек Айтмұханбетұлы, тілші:

- Иә, бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек. Саяси науқан карантин жағдайында өтіп жатыр. Біз қазір Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі сайлау учаскесінде тұрмыз. Санитарлық талаптар туралы рет-ретімен айтып берейін. Сайлау комиссиясының мүшелері сайлауға дейін коронавирусқа тест тапсырды. Олар қорғаныш заттарымен толық қамтылған. Дауыс беруге келген адамдар кіреберісте дене қызуын өлшетеді. Маска міндетті түрде. Содан кейін арақашықтықты сақтап, парақшаны алып, өз таңдауын жасайды. Ауырып қалған адамдар өтініш бойынша жеке дауыс береді. Ал дене қызуы осында анықталған адамдар не істейді? Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Мұратұлы түсіндіріп берсін. Зер салайық.

Ерболат Бекшенов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Келген адамның температурасы 37 градустан жоғары болса, сол кісіні басқа бөлмеге апарады. Сол бөлмеде, керек болса, медиктер көмек береді. Ол кісі сағат 12:00-ге дейін келсе, өтініш жазып, ол кісіге жылжымалы урнаны апарып, ол кісі дауыс бере алады.

Солтүстік Қазақстан облысында бес партияның атынан 500-ге жуық кандидат тіркелген. Бүгін 400 мыңдай адам дауыс беруі тиіс.