Жамбыл облысында сайлаушылардың белсенділігі жоғары

Жамбыл облысы Қордай ауданында 54 сайлау учаскесі бар десек, 89210 сайлаушы тіркелген екен.

Дәл қазір осы өңірлерде де сайлау науқаны қызып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Әсіресе Масаншы мен Қаракемер ауылының тұрғындары өте белсенділік танытуда», - дейді сол жерде жүрген біздің тілшілер. Қазір Масаншы ауылынан Жандос Айтбайұлы тікелей эфирге шықты.

– Масаншыда Мәдениет үйінің алдында үлкен мереке деп айтсақ болады. Тіпті жәрмеңке ұйымдастырылып, тұрғындар қолдан дайындалған тағамдар, ауыл шаруашылығы өнімдерін жәрмеңкеге шығарған. Сайлауға, әсіресе, егде жастағы кісілер белсенді атсалысуда. Бір ғана Масаншының өзінде 4 сайлау учаскесі бар десек, 9159 сайлаушы тіркелген екен. Сайлау учаскесі таңғы сағат 7-ден бастап ашылған. Ең бірінші болып 18 жастағы жергілікті тұрғын Аделия есімді қыз келіп дауыс берген. Оған арнайы сайлау учаскесі тағайындаған сыйлық берілді.