Ақтауда төртем дүниеге келді

Сәбилердің дүниеге келгені туралы ақпаратты облыстық перинаталдық орталық өкілдері хабарлады.

Бір ұл мен үш қыз жас отбасы үшін үлкен қуаныш болған, деп жазады tumba.kz.

Жаңа босанған ананың да, нәрестелердің де жағдайы жақсы екенін айтады дәрігерлер. Дегенмен әзірге олар ақхалаттылардың бақылауында болады.