Елордадағы сайлау учаскелерінде белсенділік артты

Бүгін елордада қоғамдық көлікпен жүру тегін. Сайлау күні тұрғындарға осындай жағдай жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түс ауа дауыс беру орындарында белсенділік артты. Бұл жайында арна тілшісі Рауан Мыңбаев айтып беруге дайын.

Диктор:

- Рауан, армысыз! Дауыс берушілердің қатарында сіз де барсыз. Таңдау жасап үлгердіңіз бе?

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Иә дауыс беру әрбір қазақстандықтың борышы деп білемін. Ел үшін ең маңызды сәтте қалыс қалғып келмейді. Сондықтан міндетті түрде өз сайлау учаскеме барып таңдауымды жасайтын боламын. Әзірге сайлау учаскелерінде болып жатқан жағдайды баяндайын. Тап қазір біз тұрған ғимарат Абай атындағы87 мектеп-гимназия. Бұл жерде 87 сайлау учаскесі орын тепкен. Сайлау комиссиясының мүшелері таңсәріден қауырт тірліктеріне кірісті. Байқаушылар да осында. Партия өкілдерінің сенімді тұлғалары, журналистер және ең бастысы, дауыс берушілер рет-ретімен келіп, таңдауларын жасап жатыр. Арасында егде жастағы кісілер, жастар және басқа да азаматтар бар. Әлгінде ғана айтып өттік. Әр сайлау бөлімшесі санитарлық құралдармен жабдықталған. Оның бәрі кіреберісте мұқият тексеріледі. Мысалы, масканы дұрыс тақпаған кісілер болса, оларға ескертпе жасалып, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бастысы, санитарлық қауіпсіздік ережелерін орындау керек. Сосын арнайы белгілерге мән берген жөн. Қалай дегенмен де, бұл сайлау пандемия жағдайында өтіп жатыр. Сондықтан тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда. Мән бере кетерлік жайт, санитарлық қауіпсіздік мақсатында учаскеге балаларды әкелмеген жөн. Вирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен оқшаулануы тиіс сайлаушылар учаскеден тыс орындарда дауыс береді.

Бүгін бас қаладағы барлық сайлау бөлімшесінің қызметкерлері ПТР-сараптамадан өтіп, теріс нәтижесі бар анықтамамен келген. Яғни, ешбірінде коронавирус анықталмаған. Сосын учаскелерде кіру және шығу есіктері бөлек болуы қажет. Біз тұрған 87 бөлімшеде осы ереже мүлтіксіз орындалған. Сайлаушылардың бір орында шоғырланбауы қатаң қадағаланып жатыр.