40 мыңға жуық полиция қызметкері күшейтілген тәртіпке көшті

Сайлау күні елдегі 40 мыңға жуық полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қадағалауға тартылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров осылай деді. Оның айтуынша, тәртіп сақышлары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Әзірге тұрғындар тарапынан ешқандай арыз-шағым түспеген. Елдегі жағдай тұрақты. Шатақ шығарып жатқандар жоқ. Полиция қызметкерлері сайлау учаскілеріндегі тәртіпті де қадағалап жүр. Олардың арасында прокуратура қызметкерлері бар.