423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қордайлықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр

  • 76
  • UPD: 16:51, 10.01.2021

Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғындары конституциялық құқығын пайдаланып, саяси таңдауын жасап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы 54 сайлау учаскесінде 90 мыңға жуық сайлаушы дауыс береді. Әсіресе, Масаншы мен Қаракемер ауылдарының тұрғындары белсенді. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерінен жәрмеңке ұйымдастырып, тіпті жолдастық футбол ойнап үлгерді. Сайлауда егде жастағы адамдар белсенділік танытып жатыр. Бір жыл бұрын түсініспеушілік орнаған екі ауыл қазір тату-тәтті ғұмыр кешуде.

Хабар 24 телеарнасы