420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте 617 мыңнан астам азамат сайлауға қатысады

  • 75
  • UPD: 15:03, 10.01.2021

Мегаполис мәртебесіне ие Шымкент қаласының халқы қай кезде де саяси шараға бейжай қараған емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бүгінгі сайлауға әдеттегідей белсенді түрде атсалысуда. Дәл қазір арна тілшісі Нұрбек Байбосын шаһардағы №101 сайлау учаскесінен тікелей қосылымға әзір.

Диктор:

- Нұрбек, қайырлы күн! Жалпы қалада қанша сайлау учаскесі жұмыс жасап жатыр? Қанша азамат дауыс бермек?

 

Нұрбек Байбосын, тілші:

- Шымкент шаһарында таңғы сағат 07:00-ден бастап 312 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Оның 19-ы жабық мекемелерде.

Қаладағы әрбір сайлау учаскесінде санитарлық талаптардың қатаң сақталуы арнайы санитар дәрігер мамандардың бақылауында. Дауыс беру орнына келген адамдардың кіреберістен әуелі дене температурасын өлшенеді. Азаматтар, ең бастысы, бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтық сақтауы тиіс. Жалпы шаһарда болжам бойынша 617 мыңнан астам сайлаушы дауыс беру орындарына барып өз таңдауын жасайтын болады. Қала аумағында биыл сайлаушылар саны шамамен 50 мың азаматқа артып отыр. Ал сайлаудың өту барысын шетелден келген халықаралық байқаушылар, саяси партиялдардың сенімді өкілдері, сондай-ақ БАҚ ның жіті назарында. Ал осы сәтке дейін мегаполис тұрғындарының 210 мыңнан астамы яғни халықтың 34,1%-і дауыс беріп үлгерген. Жалпы қаладағы сайлау учаскелерінің жұмыс бағдары турасында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаевты сөзге тартқан болатынбыз. Сұхбатқа назар салсақ.

Қайырбек Құнанбаев, қалалық сайлау комиссияның төрағасы:

- Бұл сайлаудың екі ерекшілігі бар. Біріншіден, мәслихат сайлауы партиялық тізіммен сайланғалы жатыр. Ол бірінші рет. Екіншісі дүниежүзіндегі пандемияға байланысты бетперде, яғни маска дейді, одан кейін қолғап, үстілеріне халаттар, содан кейін санитайзерлер кірген жерде. Одан басқа дезинфекциялық туннельдер бар. Температурасын өлшейді. Егер адам маскасыз келетін болса, оларға маска беріп кіруге рұқсат берілді. Өйткені құқығын бұзуға болмайды.

Диктор:

- Нұрбек, сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қаншалықты жағдай жасалған?

Нұрбек Байбосын, тілші:

- Сауалыңыз өте орынды. Мәселен, біз тұрған №101 сайлау учаскесіне тіркелген 1642 азамат осында келіп, өз таңдауын жасайтын болады. Оның 15 мүмкіндігі шектеулі жандар. Олар үшін мұнда арнайы дауыс беру орны қарастырылған. Мұнда қоларбамен емін-еркін кіріп-шыға алады. Ал көзі нашар көретіндер үшін жүруіне арнайы тактильді тақта, әріптерді білу үшін көру үшін трафарет қойылған. Тағы бір ақпарды айта өтейін, сайлау күніне орай Шымкенттегі қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдауда.

Хабар 24 телеарнасы