420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да көп балалы аналар дауыс берді

  • 67
  • UPD: 15:09, 10.01.2021

Жалпы Шығыс Қазақстанда бүгін бір мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Боранды күнге қарамастан тұрғындар саяси науқанға белсене қатысып жатыр. Арасында жастар да, қарттар да бар. №14 сайлау учаскесінде 2 жарым мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Олардың ішінде 20-ға жуық көп балалы ана бар екен. 12 бала тәрбиелеп отырған Евгения Черкашина бірде-бір сайлаудан қалып көрген жоқпын дегенді алға тартады. Тіпті балаларын да белсенді болуға үндеп, оларға үлгі көрсетіп келеді. Өйткені ел болашағына қатысты таңдау жасап, дауыс беру кез келген азаматтың міндеті деп санайды.

Евгения Черкашина, көп балалы ана:

- Осы елде тұрып жатқаннан кейін болашаққа бейжай қарауға болмайды. Мемлекеттің дамуы да, кемелді келешек те өз қолымызда. Менің кәмелет жасқа толған балаларым да, өзім де әр сайлауда дауыс береміз. Қазір жолдасым кішкене балаларға қарап үйде қалды. Мен дауыс беріп барға соң ол да міндетті түрде осында келіп, өз таңдауын жасайды.

Хабар 24 телеарнасы